«Таңбалы» аспан астындағы музейінде туристерге арналған аймақ ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жамбыл ауданындағы «Таңбалы» тарихи-археологиялық кешенінде туристер мен қонақтарды қабылдайтын аймақ іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысындағы «Таңбалы» бірегей тарихи-мәдени және табиғи кешенінде туристерге жақсы жағдайлар жасалып отыр. Келушілер жайлы орналасып, мыңдаған жыл бұрынғы адамдардың қолымен жасалған артефактілермен таныса алады. Жалпы «Таңбалы» археологиялық ландшафтындағы петроглифтер ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген әрі әлем елдерінің туристері үшін тартымды нысан болып отыр», - делінген баспасөз баянында. Туристік аймақ Қазақстан Республикасандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жобасының қолдауымен ашылып отыр.

Туристік аймақтың ашылу салтанатына Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза, Ыстанбұлда орналасқан Еуропа және ТМД үшін аймақтық хабтың мемлекеттік бағадарламаларды қолдау маманы Озлем Атлуг ханым, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы бюро жетекшісі әрі өкілі Криста Пиккат ханым, сонымен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар дүниесi комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов қатысты.

Туристерге арналған аймақ Ғаламдық экологиялық қоры  мен БҰҰ Даму Бағдарламасы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетінің  «Қорғалатын аймақтарда биоәртүрлілікпен үйлесімді тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі қорғалатын аймақтардың тұрақтылығын көтеру» жобасы шеңберінде құрылған.

«Таңбалы» кешені БҰҰ Даму Бағдарламасының Іле-Балқаш аймағындағы шөлді экожүйені сақтау бойынша  пилоттық аумағына кіреді.

Соңғы жаңалықтар