Тамыздың соңында елдегі алтын-валюта көлемі 32,7 млрд АҚШ долларын құрады - Ұлттық банк

None
Фото из открытых источников
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдын ала деректер бойынша, айдың соңында Қазақстандағы алтын-валюта көлемі 32,7 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап.


«Тамызда біз алтын-валютаның 131 млн АҚШ долларына дейін біршама төмендегенін байқадық, бұл алтын бағасы трой унциясы үшін 1712,40 АҚШ долларына дейін 2,6%-ға төмендеуіне байланысты болды. Бағалы металға баға белгілеу бұрынғысынша күтіліп отырған АҚШ ФРЖ монетарлық саясатын одан әрі қатаңдатуы аясында қысымға ұшырап отыр», - деп мәлімдеді банк т өрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

«Алтын» портфелінің едәуір дәрежеде төмендеуі ЕДБ қаражатының Ұлттық банктегі валюталық шоттарға келіп түсуі есебінен АВА валюталық бөлігінің өсуімен теңестірілгенін атап өткен жөн.


Фото: g.foolcdn.com



Соңғы жаңалықтар