Тамыздың соңына дейін 100 жедел жәрдем көлігін аламыз - Даниал Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 15-20 күн ішінде 20 мың дана ұзақ уақыт қолдануға болатын қорғаныш киімі тігіледі. Бұл туралы ШҚО мәслихатының алтыншы шақырылымның XL кезекті сессиясында облыс басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тамыздың соңына дейін 100 жедел жәрдем көлігін аламыз. Біраз уақыт өткен соң тағы 116 жедел жәрдем көлігі келеді. Осылайша 216 жедел жәрдем көлігіне қол жеткіземіз. Ал дәрігерлер саны жеткілікті. Біз зейнеткерлікке шыққан дәрігерлерді де жұмысқа тарттық», - деді ШҚО әкімі.

Оның айтуынша, медицина саласы жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілген.

«Бізде бір айға жететін қорғаныш заттары бар. Жақында 10 мың қорғаныш киімі, 300 мың бір реттік қорғаныш киімі, 15 000 бетті қорғайтын көзілдірік, 100 мыңнан жоғары респираторлық маска сатып аламыз. Бұл заттарды Қытайдан сатып аламыз. Сондай-ақ, 15-20 күн ішінде 20 мың ұзақ уақыт қолдануға болатын қорғаныш киімін тігеміз. Бұл облыс ресурсы есебінен жүзеге асырылады», - деп атап өтті өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар