Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары атмосфералық қысымның және оңтүстіктен жеткен циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады.

Елдің тек солтүстігі мен шығысында және орталығында солтүстік батыстан соққан циклонның ықпалымен кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таң ата тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Орталықта бұршақ жаууы да ықтимал.

Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.

Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумақтарында өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар