Тамыздан бастап Қазақстанда парниктік газдардың шығарылуына квоталар сату басталады

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың тамызында қазақстандық сауда биржасының базасында парниктік газдардың шығарылуына квоталарды сатуды бастау жоспарланған.

Бұл туралы Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында «Жасыл Даму» АҚ басшысы Сергей Цой хабарлады.

«Біз зерттелген әдіс және Еуроодақ тәжірибесі бойынша парниктік газдардың шығарылуына квоталарды сату жүйесін енгіздік. Жүйе «Cap and Trade» (шектеу және сауда) деп аталады. Сауда биржалық алаңдарда өтеді. Бүгінгі таңда тауар биржасын таңдауға конкурс жарияланған, шамамен тамыз айының басында биржа жұмыс жасай бастайды, сату үшін мемлекеттік квоталарды бастапқы орналастыруды өткізуге дайын боламыз», - деді С.Цой. Оның айтуынша, сатудың және барлық сауданың қарбалас кезеңі биылғы жылдың күз айларына - қыркүйек, қазан, қарашаға келеді. Сонымен бірге, квоталарды үлестірудің Ұлттық жоспары энергетика, мұнай-газ саласы, өнеркәсіп, металлургия салалары бойынша тегін беруді қарастырады.

«Бұл жылына 20 мың тоннадан астам СО2 шығаратын кәсіпорындар. Барлығы СО2 эквивалентінің шамамен 147 млн тоннасына квота бөлінеді», - деп толықтырды ол.

Оған қоса, сарапшы квоталардың мемлекеттік қоры бар, қандай да бір себептермен 2010 жылдың деңгейінен асып кеткен кәсіпорындарға квоталарды қосымша сатып алу қажеттігін ескертті. «Бұлар квоталарды сатып алуға 20,6 млн тонна болатын мемлекеттік қордан биржаларға шыға алады. Бұл біздің кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті болады деп есептейміз», - деді ол.

ҚазАқпарат, Астана

Соңғы жаңалықтар