Тамызда теңге рубльге қарағанда күшейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасы басқармасы (KASE) төрағасы  Андрей Цалюк нарықтағы шетел валюталарының бағамы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз рубльдің ізімен келе жатырмыз. Қазіргі кезде ресейге қарсы санкцияларға байланысты оның валютасы құнсыздануда. Байқағандарыңыздай, доллар теңгені 4,8 пайызға басып озды. Юань 5,3 пайызға, еуро 4,6 пайызға бізден  үстем түсіп отыр.  Дегенмен, Ресей валютасына келер болсақ, теңге рубльге қарағанда 3,8 пайызға күшейді»,- деді  Андрей Цалюк.

Тамыз айында шетел валюталары нарығына KASE-нің 29 мүшесі қатысты. Сауда көлемі 1407,9 млрд теңгені  құрады. 

«Қазір валюта нарығында белсенділік артты. Бұған барлық екінші деңгейлі банктер өз шама-шарықтарынша тартылып отыр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар