Тамызда қазақстандықтардың қолма-қол айналымында 2,1 трлн теңге болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы тамыз айында қазақстандықтардың қолма-қол айналымда 2,1 трлн теңге болды. Бұл өткен - шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 пайызға аз болғанымен, 2017 жылдың желтоқсан айына қарағанда 7,9 пайызға артық. Яғни 2,1 трлн теңгеге тең, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банкі келтірген мәліметке сүйенсек, құрамына қолма-қол ақшалар мен өтімді теңгелік депозиттер кіретін М1 ақша агрегаты өткен аймен салыстырғанда 4,8 пайызға (жыл басынан бері 5,7 пайызға көбейген) азайып, 5,252 трлн теңгені құрады.

Ал құрамына қолма-қол ақшалар мен барлық теңгелік және валюталық өтімді  депозиттер кіретін М2 индикаторы 5,9 пайызға дейін төмендеп (+2,4 пайыз) 13,832 трлн теңгеге теңескен. Ақша массасы 2,3 пайызға азайып, 19,78 трлн теңгеге тең болған.

Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшасы тамыз айында 3,9 пайызға азайып (өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10,5 пайызға артқан), 6,118 трлн теңгені құраған.

ҚР Ұлттық банкінің есебіндегі ұйымдар мен екінші деңгейлі банктердің депозиттерінің мөлшері 4,7 төмендеп (+12,6 пайыз), 3,695 трлн теңгені көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар