Тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі сөйлеп жатқанда жарық өшіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан тамыз кеңесі кезінде жарық өшіп қалды.

Электр энергиясы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сөйлеп жатқан кезде сөнген. Министр мен қала басшысы Ахметжан Есімов баяндамаларын қараңғылықта оқыды.

Оларға телекамералар мен фотосуретшілер жарық түсіріп тұрды. 15 минуттан соң жарық қосылды. Алайда кейіннен жарық бірнеше рет өшіп қалып, қайта жанды.

Бұл биыл пайдалануға берілген Алатау киноконцерттік залында өткен тұңғыш ірі шара болатын.

Соңғы жаңалықтар