Тамыз айында «Тұтынушылардың сезіну индексі» 5 пайызға артып, (+7) пайызды құрады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың тамыз айында «Тұтынушылардың сезіну индексі» 5 пайызға артып,  (+7) пайызды құрады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылғы тамызда зерттеуге қатысты сұрау салынғандардың 25 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті. Сонымен бір мезгілде респонденттердің 20 пайызы жағдайдың нашарлағанын хабарлайды. Бұнымен қоса, зерттеулер нәтижесі       «Экономикалық ахуал индексі» 6 пайыздық тармаққа өсіп, (+7) пайызды құрағанын көрсетеді. Ал респонденттердің төрттен бірі (25 пайызы) алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың жақсаратынын күтсе,  18 пайызы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді», делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен бірге, агенттіктің хабарлауынша, «Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа өсіп, (+7) пайызды құраған. Бұл бағытта сұралғандардың 27 пайызы ағымдағы жылғы тамызда жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын және тиісінше, өткен аймен салыстырғанда ұзақ пайдаланатын тауарларға сұраныстың өскені туралы хабарлады. Сонымен бірге, респонденттердің 21 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын белгілеп көрсетті.

Бұдан басқа, сауалнамаға қатысқандардың  8 пайызының пікірі бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, 3 пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанып отыр.  

 

Соңғы жаңалықтар