Тамыз айында тұрғын үй нарығында бағаның өскені байқалды - Статистика агенттігі

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылдың тамыз айында еліміздің тұрғын үй нарығында бағаның өскені байқалған.

Статистика агенттігінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, өткен тамыз айында оның алдындағы аймен салыстырғанда еліміздегі жаңа салынған тұрғын үйлерді сату бағасы 0,3 пайызға артқан. Сонымен қатар, тұрмысқа жайлы үйлердің сатылым бағасы 0,4 пайызға өссе, одан төменгі санаттағы үйлердің құны 0,5 пайызға жоғарылаған болып отыр. Бұдан бөлек, тұрмысқа жайлы үйлерді жалға алу бағасы да 0,2 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар