Тамыз айында Қызылорда және Маңғыстау облыстарында құрғақшылық болады - Қазгидромет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала есеп бойынша, 2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында (жекелеген аймақтарды қоспағанда) ылғал шарттары негізінен нормаға жақын болады.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы болады.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше жауын-шашын мол түседі.

Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалдан кенде болмайды.


Фото: i.insider.com


Соңғы жаңалықтар