Тамыз айында Қазақстандағы инфляция 0,2 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың тамызында Қазақстанда инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,2 пайызды, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,9 пайызды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға, тағамдық емес тауарлар құны - 0,6 пайызға, тұрғындар үшін ақылы қызметтер 0,2 пайызға төмендеген.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының құны 2,3 пайыз, тағамдық емес тауарлар 3,6 пайыз, ақылы қызметтер 3 пайыз қымбаттаған. 

Соңғы жаңалықтар