Тамыз айында ең төменгі күнкөріс мөлшері 13 мың 568 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 2‑сі. ҚазАқпарат ‑ Ағымдағы жылдың тамыз айында еліміздегі ең төменгі күнкөріс мөлшері 13 мың 568 теңгені құрады.

 Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне сәйкес, орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс мөлшері негізгі азық‑түлікті тұтынудың төменгі  нормаларын есептеу бойынша нақтыланған болып табылады. Осы есептеуге сәйкес,  2009 жылдың тамыз айында ең төменгі күнкөріс мөлшері алдындағы айға қарағанда 4,8 пайызға, ал 2008 жылдың тамызымен салыстырғанда 1,8 пайызға артқан. Күн көріс минимумының құрамына сәйкес ет пен балықты тұтыну шығындары үлестің 17,9 пайызын құраса, жеміс- жидекті пайдалану - 16,9 пайызды, сүт, жұмыртқа - 14,1, нан өнімдері - 8,8 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар