Тамыз айында еліміздегі жұмыссыздар саны 558,7 мың адамды құрады - Статистика агенттігі

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ 2009 жылдың тамыз айында еліміздегі жұмыссыздар саны 558,7 мың адамды құраған.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған кезеңде еліміздегі жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 6,4 пайызды құрады. Сонымен бірге, еліміздегі жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2009 жылғы тамыздың соңына 92,3 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санының 1,1 пайызына тең. Сондай‑ақ жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,7 пайызын құрайды.

Бұдан басқа, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2009 жылғы қаңтар-тамызда 2008 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 95,9 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар