Тамыз айына ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер қайта қаралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2020 жылдың тамызына қатысты теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелердің қайта қаралғандығын хабарлайды.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9 пайызды құрауына байланысты ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті мөлшерлемені қайта қарады. Мысалы, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 9 пайызды құрады. Бұл деңгей ақша-несие саясатын ескере отырып, банктер тарапынан қаражат тартудың базалық бағасын білдіреді.

«12 және 24 айға арналған мерзімді салымдарды қоспағанда, депозиттердің барлық дерлік түрлерінің сыйақы мөлшерлемелері 0,5 пайыздық тармаққа өзгерді. Бұл ретте салымдарды жіктеу қағидасы сақталады, яғни толықтыруға болатын, қысқа мерзімге арналған депозиттердің мөлшерлемесі толықтырылмайтын түріне қарағанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

Жалпы экономиканың ағымдағы жағдайын және оның орта мерзімді кезең ішіндегі дамуына қатысты болжамдарды ескере отырып айтар болсақ, депозиттер бойынша жаңартылған мөлшерлемелер табыстылықтың оңтайлы деңгейіне толығымен сәйкес келеді», делінген хабарламада.


Депозиттер санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020 шілдесі

2020 тамызы

2020 шілдесі

2020 тамызы

Мерзімсіз депозиттер

10,0

9,0

10,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

10,0

9,0

10,5

9,5

6 ай

10,0

9,0

10,5

9,5

12 ай

10,4

10,4

11,1

11,1

24 ай

10,0

8,7

10,8

9,5

Жинақ депозиттер

3 ай

11,0

10,0

11,5

10,5

6 ай

11,0

10,0

11,5

10,5

12 ай

12,8

11,9

14,9

14,0

24 ай

12,9

11,8

14,9

13,8



Соңғы жаңалықтар