Тамырымыз бөлек болса да, тарихымыз бір халықпыз - Қазақстандағы Орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы В. Лукашев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы - тамыры бөлек болса да, тарихи тағдыры бір халықтың ортақ мерекесі. Қазақстандағы Орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев ҚазАқпарат тілшісіне осындай пікірін білдірді.

"20 жыл аралығында Қазақстан халқы Ассамлеясының атқарған жұмысы өте көп. Ең алдымен, осы уақыт аралығында елімізде ешқандай ұлт араздық жанжал болған жоқ. Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасы ретінде әр ұлт пен ұлыстың өкілдері өз мәселесін тікелей көтере алатын сұхбат алаңын құрды. Өзге ұлттардың мүддесін ескере отырып, осы уақыт аралығында бейбітшілік пен келісімді сақтай білдік. Біздің айналамызда түрлі дау-жанжалдар туындап жатыр. ТМД елдерінің ішінде бірлік пен татулықты ту еткен жалғыз елміз. Біз - тамыры бөлек болса да, тарихи тағдыры бір бақытты халықпыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы барлық 17 млн қазақстандыққа ортақ мереке болары сөзсіз», - деді В.Лукашев.

Орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы мерейлі жыл аясында атқарылар істердің жоспарымен де таныстырып өтті.

Оның айтуынша, орыс этномәдени бірлестігі орыс тілінің, мәдениетінің сақталуымен қоса, қазақ тілін насихаттауға бар күшін салады.

«Біз тек қана өз мәдениетіміз ғана емес, жергілікті ұлттың мәдени, рухани байлығын сақтау арқылы қазақ жеріндегі бірлікті қамтамасыз етуге өзіміздің қарапайым үлесімізді қоспақпыз. Біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларының жазғы демалысын қаржыландырамыз. Ассамблея жылы аясында қаланың орта мектептерінің біріне әдеби кітаптар тапсырдық. Жыл аясында түрлі мәдени шаралар, орыс мәдениетінің фестивалі өтеді. Өткен жылы шара Лермонтов шығармашылығына арналған болса, биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайтын боламыз. Бізге бейбіт өмір мен жеңіс сыйлаған адамдардың ұлтына қарамастан оларды шипажайда емделуіне барынша жағдай жасайтын боламыз», - деді В.Лукашев.

Соңғы жаңалықтар