Тамара Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Тамара Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Тамара Өкіметқызының өмірі жарқын әрі шығармашылыққа толы болғанын жазды.

«1947 жылы жас Тамара КСРО Халық әртісі Григорий Рошаль басқарған киноактерлік мектептің түлегі атанады. Кейін аты аңызға айналған Наталья Ильинична Сац басқарған ТЮЗ-де қызмет етті. Содан кейін қайтадан Ташкент театр институтына оқуға түсіп, оқуды аяқтаған соң Қазақ академиялық драма театры мен Қарағанды облыстық драма театрында ойнады. Әрине, сүйікті кинематографта назардан тыс қалмады, актриса тек Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейде де рөлдерді сомдады...» - делінген орталықтың жазбасында.

Оны «қазақтың нағыз сұлуы» деп атайтын, өйткені әртіс Баян сұлудың образын керемет сомдап шыққан. Кейін көрермендер актрисаны Абдулла Қарсақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» фильміндегі бас кейіпкердің анасы – дана әйел Әспетпен теңестіре бастады. Одан соң көптеген егде адамдардың рөлдерін сомдай келе, Тамара Өкіметқызы мейірім мен махаббатқа толы «халық әжесіне» айналды.

«Кино – менің өмірім, ал актерлік – мамандық емес, шипасы жоқ дерт іспеттес. Сіз ол әлемге толықтай енесіз. Мен қазіргі уақытта романтизмге, шытырман оқиғаларға және әрдайым керемет көңіл-күйге толы сахнаны, рөлдерді, гастрольдерді сағындым», - дейтін актриса.



Фото : kino-teatr.ru






Соңғы жаңалықтар