Тамара Дүйсенова шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенатта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кеншілердің зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты жұмыс тобының ұсыныстары бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл тұрғыда тек кеншілерді ғана емес, сонымен бірге зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларды да зейнетақымен қамтамасыз етуді жалпы қамтыған жөн. Біз бұл мәселені көтерсек, ол тау-кен металлургия кешенінде және басқа да салаларда жұмыс істейтін азаматтардың басқа санаттарына да қатысты болады. Қазіргі кезде жұмыс тобы осы салаларға қатысты жұмысын аяқтап, нақты ұсыныстар дайындады. Қазір бұл ұсыныстар Үкіметтің тиісті қаржы-экономикалық блогында қаралып жатыр. Біздің ұсыныстарымызды қарастыру іс-шаралары аяқталғаннан кейін, осы санаттағы жұмыскерлерді зейнетақымен қамтамасыз етуді қарастыратын өз нұсқаларымызды таныстыруға дайын боламыз», - деді Т. Дүйсенова сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенатта министр зейнетақы жүйесі саласындағы өзгерістер туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар