Тамара Дүйсенова көші-қон ағынын есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құруды ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көші-қон ағынын есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру қажет. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көші-қон ағынын есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құруды ұсынамыз. Бұл іс-шара азаматтардың мемлекеттік қызмет алуын жеңілдетеді, уақытын үнемдейді, мемлекеттік органдармен тікелей байланысын барынша азайтады», - деді бүгін Үкімет отырысында «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын таныстырған министр.

Тамара Дүйсенованың атап өтуінше, бұл іс-шара мемлекет үшін адамдарды келу мақсаты мен болу мерзімі бойынша бірыңғай есепке алуға, мигранттар туралы деректерді бірізді және қолжетімді етуге, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар