Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.91 EUR 428.81
RUB 5.79 CNY 54.79
Jańalyqtar

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылғы 15 шілде 21:39 316
Бөлісіңіз:
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Бердібек Сапарбаев Тамара Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.

«Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар», - деп атап өтті министр.

Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.

Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ-ның бірінші вице-президенті қызметіне ауысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT