Тамақтану орындары карантин талаптарын жиі бұзады - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қоғамдық тамақтану орындары карантин талаптарын жиі бұзады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері өңірде 24 мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен 803 нысан рейдтік тексерістен өткен. Нәтижесінде 29 карантин талабын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 20-ын қоғамдық тамақтану орындарында, 7-ін үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар құрайды.

«Облыста карантин талабын бұзудың 9-ы кәсіпкерлік субъектісінде тіркелген. Онда уақыт шектеуіне қарамастан жұмыс жалғасқан. Ал 3 нысанның персоналы жеке қорғаныш құралынсыз (маска) халыққа қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, шамадан тыс адам жинап, іс-шара өткізу бойынша 8 дерек анықталып, шара көрілген. Тіркелген 29 карантин талаптарын бұзушылық бойынша жалпы сомасы 2 435 695 теңге көқлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қазалыда карантинге қарамастан мұғалімдер мектепте жиналыс өткізгенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар