Тамақтан уланған қазақстандық футболшы Мәскеуде емделіп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы Дмитрий Мирошниченко Мәскеуде емделіп жатыр. Бұл туралы команданың бас бапкері Владимир Газзаев ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Бас бапкер «Таразға» қарсы өткен ойыннан соң тағамнан уланып қалған футболшыларға қатысты сұхбат берген болатын

«Сенин Себаи қазір жалпы топта жаттығуды бастады. Чемпионаттағы үзілістен соң Себат құрамға қосылады деп үміттенемін. Ал Дмитрий Мирошниченко Мәскеуде оңалту шараларынан өтіп жатыр. Шамамен 15 күннен соң оның да командаға қайтып оралуы ықтимал», - деді В.Газзаев.

Еске салсақ, сәуір айында Қостанайлық «Тобылдың» футболшысы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

Соңғы жаңалықтар