+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Тәліптерден қашқан бір топ ауғанстандық Тәжікстан шекарасынан өтіп кетті

2021 жылғы 14 шілде 16:32
Бөлісіңіз:
Тәліптерден қашқан бір топ ауғанстандық Тәжікстан шекарасынан өтіп кетті

ДУШАНБЕ. ХОВАР-ҚазАқпарат – Кеше Ауғанстанның Бадахшан провинциясына қарасты Андемин қыстағының 77 тұрғыны (соның арасында 26 ер адам, 20 әйел және 31 бала) тәлібтер тарапынан төніп тұрған қауіп себебімен Тәжікстан Республикасының аумағына өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Тәжікстанның Ховар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті Тоқаев Ауғанстан туралы: «Қауіпсіздік белдеуі» саналатын тәжік шекарасын бекемдеуге жан-жақты көмек көрсету қажет

Тәжікстан Республикасы шекарашылары ізгілік пен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, ауған босқындарына/Тәжікстан Республикасының аумағына өтуіне рұқсат берді.

Қазіргі кезде босқындар ТР Мургаб ауданындағы Кизил-Работ ауылдық джамоатының Андемин және Чештеба учаскелері аумағына орналастырылды. Босқындар өздерімен бірге малын (1000 бас қой-ешкі, 300 қодас, 3 түйе және 30 жылқы) айдап әкелген.

«Аталған шекара учаскелеріндегі жағдай Тәжікстан Республикасы шекарашыларының бақылауында», - делінген Тәжікстан Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығы таратқан мәлімдемеде.

Еске салсақ, Ауғанстандағы жағдай күрделеніп Ауғанстанның қарулы әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстан аумағына өтіп кеткен еді. «Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы көптеген жерлерді басып алды.

Сондай-ақ, Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін 20 мың сарбазды әскерге шақырмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT