Талибтер Ауғанстан аумағында криптовалюта айналымына тыйым салды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС-ҚазАқпарат - «Талибан» радикалды қозғалысының үкіметі бақылайтын Ауғанстанның Орталық банкі (ҚР және басқа да елдерде тыйым салынған) елде криптовалюта өндірісі мен айналымына тыйым салуды енгізді. Бұл туралы жұма күні жоғары лауазымды ауған полициясының офицеріне сілтеме жасап Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Орталық банк бізге барлық ақша айырбастаушыларға, жеке тұлғаларға және бизнесмендерге биткоин сияқты алаяқтық цифрлық валюталарды пайдалануға тыйым салу туралы бұйрық берді», - деді Герат провинциясы полиция департаментінің қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы Саед Шах Саадат.

Оның айтуынша, осы айда енгізілген тыйым кезінде тәліптер 13 адамды тұтқындады, олардың көпшілігі кепілге босатылған. Бұған қоса, Ауғанстанның үшінші ірі қаласы Гератта 20-дан астам крипто биржалары жабылды.

АҚШ 2021 жылдың көктемінде елден қарулы күштерін шығару туралы шешімін жариялағаннан кейін Талибан Ауғанстанға бақылау орнату үшін ауқымды операция бастады. 15 Тамызда Талибан Кабулға ұрыссыз кірді, ал Президент Ашраф Гани республикадан кетті.



Фото: sun9-46.userapi



Соңғы жаңалықтар