Талхизді ешкім қиратайын деп жатқан жоқ - Ержан Жасыбаев

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Көне Талхиз қалашығын ешкім қиратайын деп жатқан жоқ. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев ҚазАқпарат тілшісіне сұхбатында мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары көне қалашықтың үстінен емес, жанынан жүргізіліп жатыр. Арнайы талапқа  сәйкес құрылыс жұмыстары қалашықтан ары  15 метрден 50 метрге дейінгі жерде жүргізілуде.

«Қарапайым мысал, түрлі көне қалалар бар. Тура қаланың ортасында, бірі шетінде орналасады. Сол сияқты бізде әу баста осы жолды Талхиз қалашығы маңынан салуды жөн көрдік. Себебі, салынып жатқан жол арнайы туристер үшін қолға алынды, осы жол арқылы саяхаттаушылар Талхиз қалашығына тоқтайтын болады. Ал, барлық қаланы сүріп, үстінен  көпір салып жатыр деген негізсіз. Талхиз қалашығын ешкім де сүрейін деп жатқан жоқ, тағы да қайталап айтамын», деді Алматы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, сонымен қатар көпір салынып жатқан жерге арнайы сараптама жүргізілген. Жолды салып жатқан «Еламан» ЖШС  «ҚазАрхеологияға» тапсырыс беріп, арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жерден ешқандай Талхиз қалашығына тиесілі құнды жәдігер табылмаған.

Алайда   Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының директоры бізге берген сұхбатында  заң бойынша құрылыс жұмыстары қорғау аймағы шекарасынан 150 метр жерден кейін жүргізілуі керек, ал, қазір тура қалашықтың үстінен жол салынып жатыр, деген болатын.

null null null  

Соңғы жаңалықтар