С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Журналистика» мамандығын 2018 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО Ақпарат орталығында бастады. Шығыс Қазақстан облыстық «Алдаспан», «Менің өлкем» газеттерінде тілші, республикалық «Жас қазақ», «Заң» газеттерінде өңірдің меншікті тілшісі, «Менің өлкем» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2021 жылдан бері «Қазақпарат» ХАА Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеп келеді.