+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елордада ашылатын жаңа театрға «ұлттық» дәрежесін беру ұсынылды

2019 жылғы 20 қыркүйек 14:03
Бөлісіңіз:
Елордада ашылатын жаңа театрға «ұлттық» дәрежесін беру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов елордада ғимараты бойы көтеріп жатқан Қазақ театрына «ұлттық» атағын беруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропа елдеріндегі театрлардың барлығы - ұлттық. Бізде Қазақстанда ұлттық театр жоқ. Егер осыны Қазақ ұлттық драма театры десек, керемет болар еді. Сонда біз басқа мемлекеттер секілді ұлттық театр боламыз», - деді Талғат Теменов Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаевпен бірге театрдың жаңа ғимаратының құрылыс барысымен танысу кезінде.

Ол сондай-ақ алдағы штаттың кеңеюіне байланысты паркинг қарастыруды, бір спектакльге бөлінетін қаражат сомасын көбейту мәселелерін қозғады.

Театр ұжымының сөзін тыңдаған Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев осы өтініштердің бәрін де топтап, ұсыныс ретінде тапсыруды сұрады.

Еске сала кетсек, бүгін Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтанда салынып жатқан Қазақ драма театры ғимаратының құрылысымен танысқан болатын.

«Келесі жылы 6 шілдеде театр ұжымы өзінің қоныс тойын тойлайды деп сенеміз», - деді Мәулен Әшімбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT