+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Талғат Теменов: Болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты

2021 жылғы 10 қаңтар 14:34
Бөлісіңіз:
Талғат Теменов: Болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты. ҚР Парламенті сайлауына қатысты пікір білдірген кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ХХІ ғасырдың 21-ші жылындағы сайлауға АҚШ-тан келген немеремді ертіп бардым. Ол АҚШ-тағы сайлауды көрген, бірақ Қазақстандағы сайлау барысымен таныс емес еді. Сондықтан оны көрсін, білсін деген мақсатта апардым.

Біз барған № 141 сайлау учаскесінде карантин талаптары толық сақталған. Ұйымдастырушылар алдымен келушілердің дене қызуын өлшеп, барлық қажетті сақтық шараларын жасап жатыр. Ел ерге, ер елге сенім артқан уақытта үкілі үміт артып таңдау жасадым. Өйткені болашағамыз бүгінгі сайлауға байланысты. Сондықтан жеріміз, тіліміз, діліміз үшін дауыс бердім», - деді Талғат Теменов.

Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі барша қазақстандықтарды жарқын болшақ үшін таңдау жасап, тиісті сайлау учаскесіне барып дауыс беруге шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT