Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Геология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Талғат Сәтиев 1973 жылы 7 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей геологиялық барлау техникумын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Семей қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» мемлекеттік мекемесі Семей жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдары Семей аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бас маман-инспекторы, басшысы, Семей қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Геология департаменті басшысының орынбасары, басшысы болып қызмет етті.

2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары болды.

2021 жылдан бастап қазіргі кезге дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.


Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар