Талғат Мұсабаевқа марапат қаруы табыс етілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сенатор Талғат Мұсабаевқа марапат қаруын табыс етті. Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сізді елімізге сіңірген еңбегіңізбен құттықтаймыз және Қазақстан Үкіметінің шешімі бойынша тапанша табыс етеміз. Сіздің атыңыз республикамыздың тарихына лайықты жазылды», - деді Е.Тұрғымбаев.

Талғат Мұсабаевқа мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Үкіметтің қаулысы бойынша иір ойықты атыс қаруы табыс етілді.

Дәл бүгін, 28 сәуірде Талғат Мұсабаев осыдан 19 жыл бұрын «Союз ТМ-32» ғарыш кемесінің командирі ретінде үшінші мәрте ғарышқа ұшып, алғашқы ғарыш турисін орбитаға алып шыққан болатын. Ғарышқа ұшқан осы сапар ғарыш туризмінің дәуірін ашты. Талғат Мұсабаевтың экипажы «Союз ТМ-31» кемесімен жерге оралды.

Бұл - 21 ғасырдағы және үшінші мыңжылдықтағы Жер ғаламшарынан ғарышқа алғашқы ұшу болатын. Сондай-ақ биыл Т.Мұсабаевтың ғарышқа алғаш ұшқанына 26 жыл толды.

Талғат Мұсабаев – ғарышкер, ашық ғарышқа шыққан алғашқы қазақ. Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасы 1994 жылы тарихта алғаш рет ғарышқа көтерілді.

2017 жылғы 13 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар