Талғат Мұсабаев петропавлдық студенттер мен ұстаздарды марапаттады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Білім мен жұлдыз айлағы» атты сыйақыны Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстікқазақстандық ғарышкер, Кеңес одағының батыры Александр Викторенко атындағы дәстүрлі сыйақыға биыл Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің 12 студенті мен 8 ұстазы лайықта деп танылды. Үздіктерді авиация генерал-лейтенанты, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев марапаттады. Жиынға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, СҚО Құрметті азаматы Анатолий Башмаков та қатысты.

Александр Викторенко 1947 жылы 29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданындағы Ольгинка ауылында дүниеге келген. Орынбордағы жоғары әскери авиациялық училищенің түлегі. Төрт рет ғарышқа ұшып, алты рет ашық космосқа шыққан. Колледжде студенттер ғарышкердің өмірбаянымен жақсы таныс. Өйткені мұнда космонавтика музейі бар.

null Ғарышкер атындағы «Білім мен жұлдыз айлағы» сыйақысы жиырма жылға жақын колледждің оқуда, өнер мен спорт саласында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге беріліп келеді.

«Бүгін өзімнің жақын досымның атындағы сыйақыны табыстауға арнайы келдім. Өкінішке орай Александр Степанович денсаулығына байланысты өзі келе алмады. Барлық студенттер мен оқытушыларды марапаттарымен құттықтаймын», - деді ғарышкер Талғат Мұсабаев.

Талғат Мұсабаев қалалық №14 мектептің оқушыларымен әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап берді.null

Соңғы жаңалықтар