Талғат Қалиев: Жастарға ақпарат ұсыну форматын өзгерту қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылдың сәуір айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универитетті жанынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы тапсырма берген болатын. 2013 жылы 4 наурызда орталық құрылды. 5 жылдың ішінде «Жастар» ҒЗО қандай жұмыстар атқарды және қандай шараларды жасамақ? Осы мәселе бойынша ҚазАқпарат тілшісінің сұрақтарына Орталық директоры Талғат Қалиев жауап берді.

-Талғат Бегімұлы, Орталықтың алдына қандай мақсаттар мен жоспарлар қойылған?

- Біздің басты мақсатымыз - жастар саясатының тиімділігін арттыру. Біз алдағы уақытта келесі міндеттерді шешуге тиіспіз: жас ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; мемлекеттік жастар саясатының өзекті сұрақтары бойынша әлеуметтік өлшемдерді жүргізу; жастар арасында мемлекеттік басымдықтарды жүзеге асыру. Бұдан басқа, біздің функцияларымыз мыналарды қамтиды: жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын модельдеу; мүдделі мемлекеттік құрылымдардың салааралық өзара іс-қимылын әдістемелік қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатына қатысушылардың біліктілік деңгейлерін арттыру.

Айта кетейін, біз сияқты орталық әлемнің бірнеше елдерінде ғана бар және олардың барлығы дамыған елдерде. Біздің тәжірибеміз көршілес мемлекеттерде зерттелуде, Ресей Федерациясы да осындай орталық құруды жоспарлануда.

-Құрылғанына 5 жыл толған «Жастар» ҒЗО қалай қалыптасты? Қандай жұмыстар атқарды?

 - Орталықтың бес бөлімі, атап айтсам ғылыми-әдістемелік; ақпараттық-талдамалық; әлеуметтік зерттеулер басқармасы; консалтинг және жастар арасында «Рухани жанғару»  құндылықтарын енгізу жөніндегі бөлім жұмыс жасайды. Орталықта барлығы 30 адам жұмыс істейді. Зерттеуден басқа біз жастар ресурстық орталығының қызметкерлерін Мемлекеттік жастар саясаты мектебінде оқытамыз, семинарлар өткіземіз. Қазақстандағы 208 жастар ресурстық орталығында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Біздің қызметкерлердің арасында шетелде оқыған мамандар, соның ішінде «Болашақ» түлектері бар. Бізде магистрлер, ғылым кандидаттары мен докторлар, PhD докторанттары бар. Негізінен біздің қызметкерлеріміздің басым бөлігі жастар, өйткені біз сол буынмен тығыз жұмыс істейміз.

- Сіз басқарып отырған  Орталық  жүргізген  зерттеулердің социологиялық өлшемдері нені көрсетеді?

- Зерттеулер әр бір бес жасөспірімнің біреуі шетелде оқығысы келетінін айқындап отыр. Абыройлы мамандықтар қатарында әдеттегідей - заңгер, экономист, сонымен қатар, аспаз маманы бар. Қазіргі заман жастары жоғары ақы төленетін жұмысқа қызығады. Көп уақыттарын жұмсап мемлекеттік қызметте мансап  сатыларынан өтуді қаламайды. Сондықтан жұмысқа шетелге барғысы келетін көп адамдар бар.

Жалпы, бұл жаһандық үрдіс, жастар миллиардерлерге еліктейді мысалы, мысалы Цукербергке және басқаларға ұқсағысы келеді. Бірақ жастардың тек 20 пайызы Қазақстанда бизнес жүргізуді қалайды. Бұл жастардың кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы ештеңе білмейтінін көрсетеді. Мүмкін біздің жастарға ақпарат таратудың  форматы өзгерту керек шығар. Бүгінде жастар хабарламаларды да аяғына дейін оқымайды. Егер олар бірінші сөйлемге қызығушылық танытпаса, олар әрі қарай оқымайды. Қазіргі заманғы жастар арасында дәстүрлі БАҚ танымал емес, олардың ойы  Ютуб, Инстаграмм және визуалды ақпаратқа басымдық береді.

Енді веб-сайтымызға біздің әрбір ресурстық орталықтың мекенжайы орналастырылады. Жастарға мобильдік қосымшалар арқылы оларды іздеу ыңғайлы болды.

- Қазақстан жастары әскери борышын өтуге қалай қарайды?

- Біз осы тақырып бойынша жеке зерттеу жүргізген жоқпыз, бірақ бізде әлеуметтік-саяси жағдайды туралы зерттелген жұмыстар бар. Онда осы мәселелердің тобы  бар. Ал биылғы жылы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі сұрақтар реті Ұлттық баяндамаға енгізілген. Қазір біздің Қорғаныс министрлігіміз көптеген  жұмыстар атқаруда. Жастар әрқашан Отанын жақсы көріп, оны қорғауға дайын екендіктерін айтып жүр.

- Осы жылы Орталық   дайындап жатқан Ұлттық баяндамада қандай маңызды үрдістер қамтылады? Сол туралы айтып берсеңіз?

 - Биыл біздің Орталық бесінші Ұлттық баяндаманы дайындауда. Оның ішінден сегіз негізгі тақырыптық топ бар. Атап айтсам, жастардың демографиялық сипаттамалары; халықаралық тәжірибе және заңнама; жастардың еңбек нарығы; денсаулық және салауатты өмір салты; жастар ортасында қылмыс, құқық бұзушылық және өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары; жастардың құндылық бағдарлары; жастар және дін; әлеуметтік-саяси процестердегі жастар.

Ең елеулі үрдістердің бірі - үш жыл бойы сақталған жастар санының азаюы. Бұл 90-шы жылдардағы демографиялық «ойық» салдарынан болған еді. Бұл төмендеу азаяды, 2020 жылдан кейін кері үрдіс басталады, яғни, жастардың саны өседі. Қазір 14-29 жас аралығында шамамен 3,9 миллион азамат бар, бұл жалпы халық санының 23,2 пайызын құрайды. Ел тұрғындарының  жартысы еңбекке қабілетті.

Некеге тұру  жасы ұлғайып келеді, ал ажырасудың пайызы да арта түсуде. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан жастардың 80 пайызы өмірдің құндылықтары ретінде бірінші кезекте отбасы екендігі айтқан. Әрбір алтыншы жұп белгілі себептер бойынша - отбасылық өмірге дайын болмай шыққан. Суицид саны азаяды, бірақ деңгейі төмендеген жоқ.

- Суицид оқиғаларына не себеп болады деп ойлайсыз?

Егер статистиканы әлеуметтік жағдайы қиын  елдермен салыстыратын болсақ, олардағы суицид деңгейі төмен. Неліктен? Өз-өзіне қол жұмсаудың жоғары деңгейі, адамдардың жағдайының нашарлығынан емес, ол күйзеліске шыдамдылықтың төмен болуымен байланысты. Бұл соңғы жылдардағы проблема емес, бұл қазір жеткіншектер немесе оларда үлкен балалрға тән құьылыс. Кезінде оларға жеткілікті назар аударылмады және тағы басқа себептер бар. Мұны психологтар түсінуі керек. Осы мәселе бойынша ЮНИСЕФ-мен бірге Үкімет пилоттық режимде мақұлдаған арнайы бағдарлама жүзеге асырылып, кейбір жетістіктерге қол жеткізілді. Сондықтан біз бұл бағдарламаны кеңейтеміз. Жалпы алғанда, өз-өзіне қол жұмсау туралы айтқан кезде, жауапкершілікті отбасы ошақ қасынан іздеу керек.

- Орталықта қандай ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр, нәтижелер қандай?

Біздің орталықтың күшімен NEET (Not in Employment, Education or Training) санатына жататын жастармен жұмыс жетекшілігі құрылды.

Осы санаттағы жастардың алты тобы анықталды. Жастардың ресурстық орталықтарында, мемлекеттік органдарда, оқу орындарында осы топтардың әрқайсысымен қалай жұмыс істеуге керек еекендігі жазылды. Бұрын статистикалық агенттіктер осы санаттағы жастарды ескермеген. Біздің стандарттарымызды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін статистика жөніндегі комитетке есептеу әдістемесін ұсындық, ал 2013 жылдан бастап бізде бұл көрсеткіш бар.

Біз сондай-ақ, университеттік қауымдастықтармен жұмыс істейміз және олардың нәтижелерімен бөлісеміз. 2013 жылдан бері діни ахуалға, волонтерлік іс-шараларға, әлеуметтік желілердің жастарға әсері, моноқалалардағы ауыл жастары мен жастар туралы әртүрлі өзекті мәселелер бойынша 20-дан астам социологиялық зерттеулер жүргізілді. Әрбір тақырып бойынша біз әдістемелік ұсыныстар жасаймыз.

Біздің Орталықта, өкінішке орай, диссертациялық кеңес әлі жоқ, бірақ алдағы уақытта болатынына сенімдімін.

Айтпақшы, біз Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жастардың құндылықтары туралы ауқымды зерттеу жүргіздік. Өткен 25 жыл ішінде Қазақстан мен Ресейдегі жағдай әртүрлі жолдармен дамыды және бұл айырмашылықтарды әлі күнге дейін ешкім зерттемеген.

- Әңгімеңізге рахмет!

 

 

Соңғы жаңалықтар