Талғат Қалиев: Ұлттық кеңесте жаңа сапалы жобалар әзірленетін болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жаңа сапалы жобалар әзірленетін болады. Саясаттанушы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев осындай пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - Президенттің мейлінше қызықты бастамасы. Өйткені, қалың бұқараға тараған әлеуметтік наразылық билік пен қоғам арасындағы әлеуметтік келісім нормаларын жаңғырту қажеттігін көрсетті. Бұл нормаларды қоғамның бүкіл қажеттіліктерін ескере отырып жасап шығу қажет, бұл күн тәртібіндегі жаңа өзекті мәселе. Жалпы, бұл проблема тек Қазақстанда ғана байқалып отырған жоқ. Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қатынастардың форматын қайта қарау мәселесі әлемнің көптеген елдерінде өзекті болып отыр. Сондықтан бұл мәселе бүгінде өзекті әрі аса қажет. Оның үстіне, Кеңес құрамына жастар, танымал қоғам қайраткерлері, ойшыл қауым өкілдері кіретіні айтылды», - дейді Т. Қалиев.

Оның айтуынша, Кеңесте өте қызықты әрі өткір пікірталастар болады, олар барлық әлеуметтік топтарды қанағаттандыратын арқылы жаңа сапалы жобалар әзірленеді.

Соңғы жаңалықтар