+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Талғат Қалиев: Демократ болатын адам әртүрлі пікірді тыңдауға дайын болу керек

2020 жылғы 17 ақпан 13:59
Бөлісіңіз:
Талғат Қалиев: Демократ болатын адам әртүрлі пікірді тыңдауға дайын болу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылған алты айдың жұмысын өзінше қорытындылады. Кеңес мүшесінің айтуынша, жарты жылдың ішінде айтулы қадамдар жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Ұлттық кеңестің алты айдағы жұмысы туралы айтар болсақ, мұнда мәселе динамикада емес – процестің жүріп жатқанында. Жарты жылдың ішінде бірталай жұмыс жасалды. Бірақ қазір бізде жалпы саяси мәдениет жоқ деп айтар едім. Жалпы ол – 30 жыл бойы консервацияда болған нәрсе. Оны өзгерту керек. Бұл - екі жақтың да жұмысы. Мәселен бейбіт жиындар туралы әртүрлі пікір айтылып жатыр. Көбінесе ол пікірталастарға кіріспеймін. Бірақ қарап отырсам, пікірлері қайшыласқан адамдар бір-бірін «банға» кіргізіп жатады. Демократ болам десең әртүрлі пікірлерді тыңдауға дайын болуың керек», - деді Еуразиялық интеграция институтындағы «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу» атты сараптамалық баяндаманың таныстырылымында.

Сарапшының айтуына қарағанда, Ұлттық кеңес құрылған алты айдың ішінде көп талқыға түсіп жататын заңдар бойынша едәуір прогресс бар.

«Оның бір ғана мысалы – Парламенттік оппозиция. Президенттің өзі бұл қадамға дайын болып отыр. Тиісінше қазір бұл өзгеріс ешкімнің көзіне көріне бермеуі мүмкін. Бірақ күні ертең заң қабылдауда немесе бюджетті бекітуде бұл өзгерістердің өзектілігі өзін көрсетері анық. Сонымен қатар бейбіт жиынның ескерту немесе жазбаша өтініш беру тәртібіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Бұл пікірталастың өзінің принциптік маңызы зор», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT