Талғат Қалиев: 30 пайыздық квотамен жастардың саяси істерге араласу деңгейі көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастарға қатысты әртүрлі бағдарламаларды біріктіру мәселесі әр министрліктегі қаражатқа барып тіреледі.

«Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» атты дөңгелек үстелде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде жастарды қолдауға бағытталған көптеген кешенді шара бар. Бірақ олардың бәрі де әртүрлі сипатта. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы осы бағдарламалардың бәрін де біріктіру керектігін мәлім етті. Бірақ бұл жұмыс әзірге айтарлықтай жүргізіліп жатқан жоқ. Әлбетте бұл жерде мәселе әртүрлі министрліктегі қаражатқа келіп тірелетінін түсінемін», - деді Талғат Қалиев.

Оның айтуынша, елде саяси және азаматтық белсенділік деңгейі азайғандықтан бұл рейтингте Қазақстан 2013 жылы 27 орында тұрғанымен, 2016 жылы 63-ші орынға сырғып кеткен.

«Менің ойымша, бұл индексті көтеруіміз керек. 30 пайыздық квотаның көмегімен жастардың саяси және азаматтық істерге араласу деңгейін көтеріп қойдық. Біртіндеп шағын қадамдар жүйелі іске айналып, жастарды дамыту индексін енгізсек, қай тұрғыда қалып бара жатқанымызды, қандай шаралардың аздығын, қай салаға көбірек күш салу керектігін байқай алармыз деген үміттемін», - деді ол.

Еске сала кетсек 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жастардың даму индексін енгізу керектігін мәлім еткен еді. https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-zhastardyn-damu-indeksi-engizilmek_a3741394

Соңғы жаңалықтар