Талғат Кәкімов Қостанай облыстық ТЖД басшысы болып тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғат Кәкімов Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бүгін ТЖД-нің басшысын облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов осы лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Өткен сенбіде Талғат Кәкімовті Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарының аясында ТЖД-ға келген ҚР Ішкі істер министрі, полицияның генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов таныстырған болатын.

Кәкімов Талғат Базарбайұлы 1965 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Түрлі мемлекеттік марапаттары мен озат белгілері, соның ішінде - «Кавказдағы әскери әрекеттердің қатысушысы» медалі бар.

Соңғы жаңалықтар