Талғат Дүйсеков: Nur Otan партиясын қолдаушылар лигасы - халық пен билік арасындағы көпір

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпкер Талғат Дүйсеков Nur Otan партиясын қолдаушылар лигасына қосылды және алдағы уақытта партия праймеризіне қатысуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партияны қолдаушылар лигасы –әртүрлі саладағы қызмет ұсынған адамдар. Бұл тіркеу басталғанын жариялағаннан бері праймериздің ашық, объективті өтуін бақылайтын адамдар. Бұл лига мен үшін халық пен партия арасында көпір іспетті», - дейді Талғат Дүйсеков.

Ол праймеризге кез келген адам қатыса алатыны қуантатынын айтты.

«Әр адам бағын, күшін сынап, праймеризге қатыса алады. Билік көшбасшы партия арқылы халық үніне құлақ түргені қандай жақсы болды. Мұндай мүмкіндік - шынайы демократияға бір қадам жақындау. Билік партиясы халық партиясына айналуы - тарихи қадам дер едім. Праймеризде жеңген адамдар халықпен бір толқында болып, олардың қалауына құлақ түреді деп ойлаймын. «Халық үніне құлақ түретін мемлекет« халық таңдаулылары арқылы жүзеге асады», - дейді ол.

Оның айтуынша, праймериз қаншалықты ашық, әділ өтетіндігі туралы мәселе талқыланған.

«Партияның бірінші орынбасары бәрі әділ, ашық түрде өтетініне көзімізді жеткізді. Мұның бәрі праймериздің қорытындысы шыққан кезде белгілі болады. Мен бизнес өкілдері ретінде дөңгелек үстелге қатыстым. Қазақстанда орта тапқа ерекше көңіл бөлу керек деген қорытындыға келдім. Шағын және орта бизнесті дамыту керек», - дейді кәсіпкер.


Соңғы жаңалықтар