Талғарлық миллион теңгенің ағаш көшеттерін ұрлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданында 400 түп алма көшетін ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға 57 жастағы Алматы тұрғыны белгісіз біреудің аудан аумағында орналасқан учаскеден 415 түп алма көшетін ұрлап кеткенін айтып, шағым түсірген. Залалдың көлемі 1 033 044 теңгені құраған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында алма көшетін ұрлаған күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған көшеттердің жартысы заңды иесіне қайтарылды. Талғар АІІБ тергеушілері аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметінен. 

Фото: florantino.ru

Соңғы жаңалықтар