Талғардағы балық сүйегінен ұн өндіретін зауыттың экологияға әсерін тексереміз - министрлік

Фото: None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Алматы облысының халқы балық сүйегінен ұн өндіретін зауыттың экологияны бұзғанын айтып, наразылық білдірді. Осыған орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желіде Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылындағы балық сүйегі ұнын өндіретін зауыттың экологиялық нормаларды бұзуына қатысты ақпарат тараған-ды.

Министрлік аталған факті бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін шара қабылдап жатыр.

«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша зауыт жұмысын А.С.Байгабатов шаруа қожалығы жүргізеді. Ұйым №03-051-225-054 жер пайдалану құқығы актісі негізінде жұмыс істеп тұр. Осыған сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты - балық сүйек ұнын өндіретін шағын цех салу» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Экология кодексінің 1-бабының 6-тармағына сәйкес биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынасты Қазақстанның ветеринария саласындағы арнайы заңнамасы реттейді («Ветеринария туралы» заңның 1-бабы 4-1).

Алматы облысы бойынша экология департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.

«Анықталған факт бақылауда. Тексеру нәтежесі қосымша хабарланады» деп мәлім етті министрлік.


Соңғы жаңалықтар