USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы қосымша деректер пайда болды

2021 жылғы 29 қараша 13:30
Бөлісіңіз:
Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы қосымша деректер пайда болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар қаласында жекеменшік балабақшада болған бүлдіршіннің өлімі туралы кейбір деректер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды Алматы-Өскемен тас жолында көлік апатынан ер адам қаза тапты Талдықорғанда ер адам көшеден тауып алған 11 тапанша мен 1  автоматты полицияға тапсырған

Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Талғар-Нұрәлі» ЖШС тиесілі «Бүлдіршін» балабақшасында орын алған.

Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, 26 қарашада сағат 15.20 шамасында бала түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған. Қызметкерлер бірден жедел-жәрдем шақыртып, баланың ата-анасына хабар берген.

«Жедел шақыртуға шыққан жедел-жәрдем қызмет бригадасы баланың ата-анасын балабақшаның кіреберісінде кездестірді. Өйткені, балабақша қасында тұратын ата-ана баланы бақшадан алып, жедел-жәрдемнің алдынан шыққан»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүлдіршін 2017 жылы туған.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың тамағына белгісіз зат тұрып қалған. Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Бұл жағдай белгілі бола сала, оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің жетекшісі жетті.

«Талғар ауданы әкімдігі қайғылы оқиғаға байланысты сәбидің ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

«Бүлдіршін» балабақшасы 2015 жылы ашылған. Қыз бала 2020 жылғы 8 желтоқсанда балабақшаға қабылданған»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік , 26 қараша күні балабақшада 4 жастағы қыздың қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Полицияның ақпаратына сәйкес, баланың тамағынан пластмасс зат табылған. Қазір іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT