Талғарда тұрғын үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Талғар қарасында тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

«10 қараша сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-не Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді.. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ, үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді», - деді Талғат Уәли.

Өрттің аумағы 40 шаршы метрді құрады. Өрттің тұтану себептері анықталуда.


Соңғы жаңалықтар