Талғарда өртенген үйден 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талғарда өртенген үйден 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 ақпан күні сағат 12-33-те өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысына қарасты Талғар ауданының Талғар қаласында 5 қабатты үйден өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Екінші қабаттағы балкон өртеніп, өрт 3 және 4 қабаттардың балконына тараған. Жалын шарпыған аумақ 35 шаршы метрді құрайды. Өрт сөндірушілер 35 адамды, оның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге шығарып, бір адамды құтқарды», - деді ресми өкіл.

Оның дерегінше, тілсіз жаумен күреске Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 10 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар