Талғарда карантин бұзған бизнес нысандарына 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғардағы бизнес нысандарына 14 млн 585 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар ауданында жыл басынан бері мониторинг тобы 1834 тексеру жүргізіп, 14 608 нысанды қамтыған.

Рейд барысында карантин талаптарын бұзған 155 жағдай анықталған. Нәтижесінде жалпы сомасы 14 585 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы Талғар ауданында 2020 жылдың басынан бастап 5396 адамнан зертханалық сынама нәтижесінде COVID-19 індеті анықталды.

Оның 1327-інде ауру белгілері байқалмаған, 4045-сі сиптомды. Қазіргі кезде 318 науқас амбулаториялық ем қабылдаса, 751 тұрғын үй карантинінде жатыр.

Талғар ауданында екпе алу қарқынды жүріп жатыр.

Аймақтағы медицина қызметкерлерінің 97%, білім ошақтарындағы мамандардың 89,8%, аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің 86%, құқық қорғау органдарының мамандарының 82%, студенттердің 37,1% вакцина салдырды.

Ұзын-саны 36 877 адам екпе алған.


Соңғы жаңалықтар