Талғарда ер адамды бір топ жігіт жабылып ұрғаны видеоға түсіп қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер адамды белгісіз төрт ер адам жабылып ұрған әрекеті бейнежазбаға түсіп қалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланған видеода жалғыз келе жатқан ер адам дүкенге кірген сәтінде оны бір топ жігіттің жабылып ұрғанын көруге болады. Парақшаның авторы оқиға Талғар ауданында болғанын жазған.

«Ережесіз жекпе-жектің жаттықтырушысы Арман Алимовке шабуыл жасалды. Жақындарының сөзінше, оны «Виктория» шағынмаркетінің жанында ұрып, ес-түссіз халде далаға апарып, тағы ұрған. Ол ауыр халде Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Оған қысым көрсетілмес үшін туыстары Алматыдағы емдеу мекемесіне ауыстырды. Алимовке еш себепсіз шабуыл жасалды. Оқиға бейсенбі күні болды»,- деп жазылған парақшадағы видеодағы жазбада.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 17 маусым күні болғанын растады.

«Оқиға кешкі сағат 19:00 шамасында болды. «Виктория» шағын маркетінің жанында 37 жастағы ер адамды ұрған факті ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмысқа қатыстыларды ұстау үшін жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар