Талғарда 32 жастағы жігітті атып өлтірген күдікті шекарадан өтіп жатқанда ұсталды

None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданы полициясына оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.


Соңғы жаңалықтар