Талғар тұрғыны әкесіне қол көтергені үшін 30 тәулікке қамалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны өз әкесі мен әйеліне қол көтергені үшін 30 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот барысында А.Саидовтың өзінің келіншегі мен қарт әкесіне жиі қол жұмсап, оны бағып-қағуды ұмытқандығы дәлелденді.

Талғар аудандық сотының судьясы процесске қатысушылар мен қорғаушының уәжін, прокурордың ұсынысын тыңдай келе айыпталушыны ҚР ӘҚК 79-3 бабының 2 тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 30 тәулікке қамауға шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар