Талғар тұрғындары қаланың жаңа әкімін сайлады

None
None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Сайлауда 47,71 пайыз дауыс жинаған Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков Талғар қаласының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бүкіл сайлаушылардың 23,77% дауыс берген.

Талғар қаласы әкімінің лауазымына 4 үміткер таласты.

Бақытжан Рақымұлы Ақботаев сайлау қорытындысы бойынша 23,63% дауысқа ие болды, Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақовты халықтың 17,84% қолдаған.

Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады.

218 сайлаушы бәріне қарсымын десе, бүлінген және дұрыс қолданбаған бланк саны - 93 болды.

Бақыт Күрішбеков Талғар қаласында туған. 32 жаста. Мамандығы - экономист.

Сайлауға дейін Amanat партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істеген.


Соңғы жаңалықтар