+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Талғар қаласының 30% халқы тағы да сусыз қалды

2018 жылғы 30 қаңтар 13:05
Бөлісіңіз:
Талғар қаласының 30% халқы тағы да сусыз қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар қаласында су құбырлары қатып жатыр. Тұрғындардың 30% сусыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір 50 адамнан құрылған арнайы бригада жұмыс істеп жатыр.

«Жеке тұрғын үйлердің, көпқабатты үйлердің құбырлары қатып, қаланың 30% халқы сусыз отыр. Арнайы бригада құрылды. Жұмыс бір-екі күнге жалғасады деп ойлаймын. Себебі, қатқан құбырлардың бәрін жібіту керек. Сусыз қалған халық хабарласып жатыр. Оларға арнайы бригада шұғыл түрде шығып, қызмет көрсетуде. Тұрғындар 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанша біз жұмыс істей береміз», - деді Талғар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшасы Салават Казиев.

Айта кету керек, Талғар қаласында 50 мыңнан аса халық тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 27-ші қаңтар күні қатты аяздың салдарынан су бастауларында мұз қатып, Талғар халқының 30 пайызы сусыз қалғанын мәлім еткен болатынбыз. Артынша облыс әкімдігі су тапшылығы оң шешімін тапқанын хабарлаған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT