USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Талғар ауданында өрттен үйсіз қалған 34 адам үшін жаңа баспана салынады - әкімдік

2021 жылғы 2 желтоқсан 17:36
Бөлісіңіз:
Талғар ауданында өрттен үйсіз қалған 34 адам үшін жаңа баспана салынады - әкімдік

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Төңкеріс ауылында өрттен зардап шеккендерге жаңа үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды Ақмолалық полицейлер көпбалалы отбасын өрттен аман алып қалды ШҚО-да жанып жатқан үйден екі газ баллоны шығарылды

Бұл туралы Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов мәлімдеді.

Өртенген пәтерлермен бірге өрттен аман қалған баспана да түгел сүрілетін болды. Мамандар болашақ құрылыстың жобасын жасауға кірісіп кетті.

«Қаржы көлемі қажетті құрылыс материалдары есептеліп болған соң белгілі болады», - делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылында 8 пәтерлі үй өртеніп, 34 адам үйсіз қалған болатын.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, үйдің өртенуіне электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT