Талғар әкімдігі үш оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты пікір білдірді

None
None
ТАЛҒАР. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар қаласында үш оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғар ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы сағат 07.30 шамасында болған.

Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан үш қызды Volkswagen Golf көлігі қағып кетті.

ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі, яғни денсаулыққа зиян келтірген жол көлік оқиғасы бабы бойынша тергеу басталды.

Полиция мәліметіне қарағанда, көлік жүргізуші мас болмаған.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

«Зардап шеккендер - Ж.Жабаев атындағы №6 жалпы орта мектебінің оқушылары. Екеуі 7-сыныпта, біреуі 3-сыныпта оқиды. Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді» делінген ведомствоның хабарламасында.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, жүргізуші - 47 жастағы әйел.


Соңғы жаңалықтар